Меню KDT
kaz.jpg?_=1
Қош келдіңіз

113. Білім алушылар тәрбиеленушілерді тамақтандыруда көрсетілген тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын зертханалық-аспаптықзерттеулер нәтижелері болған кезде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ұйымдарда, білім беру ұйымдарының оқу-тәжірибелік және бақша участкелерінде, жылыжайларында өсірілген өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатын пайдалануға жол беріледі.

114. Білім алушылар мен  тәрбиеленушілердіңас блогынан өндірістік үй-жайларында болуына және оларды тағам дайындаумен, көкөністердітазалаумен, дайын тағамды таратумен, нан тураумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайдарды жинаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

115. Сусындарды құю тікелей тұтынушының ыдысына (стакандарға, бокалдарға)жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқақұюға жолберілмейді.

116. «С»витаминімен витаминдеуді балалар тәулік бойы болатын ұйымдарда осы Санитариялық қағидасы  9-қосымшаның 2-нысанына сәйкес деректерді «С-витаминдеу» журналына енгізе отырып. «С» витаминінің тәуліктік нормасы есебінен мектеп жасындағы балалар үшін – 70 мг мөлшерінде жүргізеді.

117. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.

118. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және  (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді.

119. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды:

1) қатық, сүзбе, айранды;

туралған ет қосылған құймақтарды;

флотша макаронды;

зельцтер, форшмақтар, сілікпелер, паштеттерді;

кремі бар кондитерлік өнімдерді;

тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдері мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);

морстар, квастарды;фритюрде куырылған өнімдерді;

шала пісірілген жұмыртқа, куырылған жұмыртқаны;

қүрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;

окрошканы;

саңырауқұлақтарды;

өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған)тамақ өнімдерін;

тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;

газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда)

фастөфудтар: гамбургерлер, ход-догтар, читсілер,кептірілген нан, қытырлақнанды;

ашщы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді )бұрыш,ақшылкер, қыша)дайындауға және өткізуге;

2) мыналарды:

пастерленбеген сүтті, термиялық өнделмеген сүзбені және қаймақты;

суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;

ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүтөнімдерін;

тіл, жүректіқоспағанда өнімді мал мен құстын субөнімдерін;

механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;

құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;

сойылған өнімді мал мен құстын қайта мұздатылған өнімдерін;

генетиалық тұрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілгенкөздер бар шикізаттарды;

йодталмаған тұзды және құраманда темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаган) жоғарғы және бірінші сұрыпта бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.

120. ЖОО-ны қоспағанда білім беру объектілерінде тамақ өнімдерін өткізетін автоматтарды орнатуға жол берілмейді.

121. Жаппай сауықтыру емшарасы ретінде оттегі коктейльдерін өткізуге жол берілмейді.

122. Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам осы Санитариялық қағидалардың 9-қосымшасындағы 3-нысанға  сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамына міндетті түрде   медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, объекті басшысының бұйрығымен айқындалады.

123. Күн сайын ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өнделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алады және +2С-тан +6С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынаманы келесі күні немесе демалыстан кейінгі  күні (демалыс күндерінің саныда қарамастан) дайындалған тағаммен – таңғы аспен, түскі аспен,бесін немесе кешкі аспен ауыстырғанға дейін кемінде жиырма төрт сағат сақтайды.